Агрономия қолданбалы бакалавры

5AB08110101
275 қаралым

Сипаттама

Олардың міндеттеріне мыналар кіреді: 
−  өнімнің, жем-шөптің, топырақ пен судың сапасымен және ауыл шаруашылығы, орман және  балық  өнімдерін  өндіруге  әсер  ететін  басқа  да  факторлармен  байланысты деректер мен үлгілерді іріктеу және талдау;  
−  өсімдік, мал және балық шаруашылығы, орман шаруашылығы өнімдерінің, сондай-ақ баламалы өнімдердің өнімділігін арттыру тәсілдері бойынша консультация беру; 
−  жануарлар  мен  өсімдіктер  аурулары,  зиянкестер  мен  арамшөптермен  күрес,  топырақ мелиорациясы,  мал  шаруашылығы  және  қоректендіру  бағдарламалары  бойынша мәселелері жөнінде консультация беру; 
−  тауарлық  өнімдердің  өндірісіне,  жайылым  өнімдерін  өсіруге,  мал  өсіруге,  балық қорларына,  сондай-ақ  ағаш  тұқымдыларының  өсуі  мен  денсаулығына  әсер  ететін қоршаған орта факторларын зерттеу; 
−  топырақты қопсыту, жәндіктер, аурулар әдістері мен балық өсіру әдістерінің төлдетуге, өнімділікке, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне әсерін зерттеу; 
−  балықтардың көші-қонын, өсуін, қоректенуін және уылдырық шашуын зерттеу, сондай-ақ уылдырықты жинау, ұрықтандыру, инкубациялау және шабақтарды өсіру әдістерін әзірлеу;  
−  топырақ  құнарлығының  ерекшеліктерін,  пайдалану  мүмкіндіктерін  зерттеу,  зерттеу нәтижелерін егін, бау-бақша және орман өсірудің жетілдірілген  әдістерін әзірлеу үшін пайдалану; 
−  ауыл  шарушашылығы  проблемаларын  шешу  және  өндіріс  тиімділігін  арттыру  үшін рәсімдер мен әдіснамалар әзірлеу;  
−  ұзақ  мерзімді  коммерциялық,  рекреациялық  және  экологиялық  артықшылықтарын барынша арттыру мақсатында орман және балық қорларын басқару; 
−  ағаш тұқымдыларды тарату  және қайта қалпына келтіруді, мал басын өсіруді жақсарту әдістерін  және  сүректердің  өсуіне  санитариялық-сауықтыру  шараларының  әсерін зерттеу; 
−  өртпен, оның салдарларымен, су тасқынымен, құрғақшылықпен, топырақ эрозиясымен, зиянкестермен және аурулармен күрес үшін басқару тәсілдерін зерттеу, жоспарлау іске жүзеге асыру; 
−  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  және  ғылыми  есептер  дайындау  және  ауыл,  орман  және балық  қоғамдастықтары  және  басқа  да  топтар  үшін  таныстыру  әңгімелері  мен лекциялар өткізу. 

Басқа қолайлы мамандықтар

Бізді қалай таба аласыз

matk_73@mail.ru
Карагандинская обл., Абайский р-он, с. Агрогородок, ул. Центральная 10
https://amk.mycollege.kz/